Вверх
Қаражал қаласы әкім Аппаратының ақпараттық порталы
WAP

Басты бет

Сіздермен Қаражал қаласы жергілікті мемлекеттік басқару органының ресми WEB-сайтында жүздескеніме аса қуаныштымын!


Басты өзегі ақпарат пен білім болып табылатын, қарқынды даму үстіндегі қазіргі замандағы ақпараттық қоғамда сандық технологияны шынайы тұрғыда қабылдамау, оған кең өріс бермеу – болашақтағы бүкіләлемдік экономикалық даму жолындағы үдерісте кедергі келтірері ешкімге құпия емес.
Ресми сайттың ашылуы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының тұрғындармен, бизнес құрылымдарымен өзара қарым-қатынасын және ақпарат алмасу үдерісін жетілдіріп, шапшаңдата түсеріне сенемін. Бұл – сайтқа енушіге жергілікті басқару органдарының  құрылымы, олардың құзыры, жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат алуға, сондай-ақ, қызығушылығы туындаған мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас орнатуға, қабылданатын шешімдерге қатысты ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді.
Қаражал қаласының ресми сайтының қызмет атқаруы жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысын тиімді етуге әсер етіп, біздің қаланың даму үдерісінде тұрғындардың басым бөлігінің пікірлерін ескеруге септігін тигізетін болады.
Біз қаланың, Қарағанды облысының және барша тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында  Сіздермен екіжақты тиімді әріптестікке сенім артамыз.

Құрметпен,
Қаражал қаласының әкімі Ќайрат ШОРМАНБАЕВ.

Валюта бағамдары

Все курсы показаны в T Казахской тенге
USD 334.31
Euro 355.17
Рубль 5.31

Рассылка новостей

Подпишитесь на рассылку новостей города, а так же отчеты гос органов в городе Каражал

Опрос пользователей

Қай өмір саласы өз дамытуын қажет етеді? Ответить
© 2012 2012 Қаражал қаласы әкім Аппаратының ақпараттық порталы
© 2012 Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»