Информационный портал Аппарата акима города Каражал

«Алдын алу» жедел алдын – алу профилактикалық іс – шара

03.09.2019

ҚАЖ комитетінің Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Қаражал қалалық пробация қызметі және Қаражал қалалық ІІБ – нің ЖПҚ УПИ қызметкерлерімен пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбаған жаза мерзімі тағайындалған сотталған тұлғалар тарапынан құқықбұзушылықты болдырмауды алдын-алу бойынша жұмысты жандандыруға байланысты, Республика аумағында ағымдағы жылдың 02 және 07 қыркүйек айы аралығында «Алдын алу» атты жедел профилактикалық іс – шара жүргізіліп жатыр.

Аталған профилактикалық іс – шараның басты міндеті пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайын тексеру, олармен тәрбиелік – профилактикалық әңгіме сұхбат жүргізу, материалдық тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау, жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру, сонымен қатар жұмыссыз жүрген есептегі сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қоғамға қайта бейімдеу болып табылады.


 


 

Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД

Қаражал қалалық пробация қызметінің

аға инспектор әділет капитаны

Д.Т. Жуманбаев