Информационный портал Аппарата акима города Каражал

Решение об Общественном совете, состав и Положение Общественного совета

09.05.2017

Қаражал қалалық мәслихатының ХХХХVІІІ сессиясының 
ШЕШІМІ 
Қаражал қаласы  № 4102016 жылғы 19 ақпан 

Қаражал қаласының
Қоғамдық кеңесін
құру туралы

  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңдарына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 XХХХVІII сессияның төрағасы  Н. Өмірбеков
 
Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

Қаражал қалалық мәслихатының
2016 жылғы 19 ақпандағы
XXXХVIІІ сессиясының
№ 410 шешіміне 
1 қосымша
Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы


1.  

Мұқашева Меруерт
Жексенбайқызы 

Қаражал қаласы әкімінің
орынбасарының міндетін атқарушы;

2.  

Әбдірахманова Нұргүл 
Жолшыбекқызы

«Қаражал қаласының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы;

3.  

Сатанов Марат
Рахымжанұлы

«Қаражал қаласының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы;

4.  

Естаев Талғат
Мұхамедияұлы

«Қаражал қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры;

5.  

Аманжолова Айжан
Балтақызы 

Қарағанды облысының кәсіпкерлерпалатасының Қаражал қалалық филиалының басшысы;

6.  

Сычева Валентина 
Ефимовна 

«Ардагарлер ұйымы» республиклыққоғамдық бірлестігінің Қаражал қалалық филиалының төрағасы;

7.  

Тажитова Алтын
Зарубайқызы

«Қазыналы өңір» газеті редакциясы»ЖШС директоры-бас редакторы;

8.  

Тоқабаева Сәния
Әбікенқызы

Қаражал қаласы әкімдігінің Қаражал
Қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а.;

9.  

Рахимова София
Николаевна 

Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 Қаражал қалалық мәслихатының
2016 жылғы 19 ақпандағы
XXXXVІII сессиясының
№ 410 шешіміне
№ 2 қосымша

Қоғамдық кеңес туралы ереже 
1. Жалпы ережелер  
1. Осы  Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді. 
2. Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесі – ереженің осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен құрылмайды. 
3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және  Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды. 
4. Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
2. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық
кеңестерді қалыптастыру
5.  Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады. 
6. Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады, автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады. 
7. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестер жатады.
8. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңес функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
9. Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесіндегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі
10.  Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесін мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады. 
Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
11. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінде қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
12. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. 
13. Жұмыс тобының сандық құрамын Қаражал қалалық мәслихатының хатшысы айқындайды. 
14. Қаражал қалалық мәслихаты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады. 
15. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде  Қаражал қалалық мәслихатына жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жібереді.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады. 
16. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
17. Қаражал қалалық мәслихаты конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады. 
18. Қаражал қалалық мәслихатының хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді. 
19. Отырыста ереженің 14 және 15-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі. 
20. Жұмыс тобының құрамы Қаражал қалалық мәслихаты хатшысының өкімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
21. Жұмыс тобының құрамы Қаражал қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
4. Жұмыс тобының өкілеттіктері
22. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы  хабардар етеді; 
  2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды; 
  3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
4) Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлейді.
5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
23. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады. 
24. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
25. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
26. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
27. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
28. Жұмыс тобы Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
29. Жұмыс тобы отырыстарда Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. 
30. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесіне бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
  31. Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді құру кезінде бір адам тек бір Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.
 32. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы Қаражал қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) Қаражал қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс. 
33. Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
34. Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.
6. Өтпелі және қорытынды ережелер
35. Осы ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне  қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі. 
36. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.